Жобасы студенттердің құзыреттілік деңгейін көтеруге және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ынталандыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 100 үздік студенттерін тануға бағытталған. Жобаның мақсаты – талантты жастарды қолдау, жұмыс біліктілігін және білім, білік және талант арқасында жетістікке жеткен ТжКБ студенттерін танымал ету.
10 қыркүйектен 1 қазанға дейін Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенттері «Қазақстан Республикасының ТОП 100 колледж студенттері» байқауының облыстық кезеңіне қатысты. «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті -2020» аймақтық байқауының қорытындысы бойынша «Қоғамдық тамақтану» мамандығы бойынша П-31 тобының студенті республикалық кезеңге өтті.