Сабақтың мақсаты – бір-біріне деген төзімділікті, басқаны қабылдауға деген көзқарасты қалыптастыру; эмоционалды байланыстарды, шыдамдылық пен сыйластықты сезінудің маңыздылығын түсіну.

Әңгіме барысында қатысушылар толеранттылық ұғымына анықтама берді. Студенттер өздерінің жеке мысалдары, өмірлік жағдайлары арқылы айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста толеранттылық маңызды рөл атқаратынын айтты. Бұл жанжалды жағдайлардағы ымыраласу құралы және бейбітшілікті сақтаудың бір шарты. Осы формалар арқылы студенттер топтық жұмыс дағдыларын және логикалық және сыни ойлау қабілетін жетілдірді.