Институцианалдық және мамандырылған аккредиттеу аясында 2020 жылғы 4 ақпанда Қостанай ауылшаруашылық колледжінің кітапханасының оқу залында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай әдеби кеш өткізілді.
Іс-шараға Республикалық аккредиттеу комиссияның сарапшылары, оқытушылары мен студенттері шақырылды.
Колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Қадыров Серікбай Қамзаұлы өзінің кіріспе сөзінде Ұлы Абайдың рөлінің маңыздылығы туралы, оның әлемдік танымалдығы туралы айтып, әрқайсысы кем дегенде бірнеше Қара сөздерін жатқа білулері керектігін айтып өтті. Аккредиттеу комиссияның сарапшысы Мұхажанов Нұрболат Сейтмуратұлы қатысушыларды Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуымен құттықтап, Абай шығармаларын көбірек оқуға, сәттілік тіледі.
Абай өлеңдері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде колледж студенттерінің орындауында шырқалды:
1.Жумагалиев Кенесары В -22 тобының студенті «Заман ақыр жастары» өлеңі.
2.Молдашева Дилара В-22 тобының студенті «Көзімнің қарасы».
- Көпжанов Бахытжан В -43 тобының студенті «Жасымда ғалым бар деп ескермедім» өлеңі.
4.Садовой Богдан 1П-1 тобының студенті «Молодым, до науки дойти я не мог» өлеңі.
5.Тыныштық Бекарыс 1А-1 тобының студенті «Өлсе, өлер табиғат,адам өлмес» өлеңі.
6.Ларин Роман В-21 тобының студенті «Отнюдь не досужий- часов перестук» өлеңі.
7.Смаль Даниил 1П-1 тобының студенті «Жазғытұрым» өлеңі.
8.Каймолдиев Алишер 1 С-1 тобының студенті «Горные вершины спят во тьме ночной» өлеңі.
9.Нуркенов Темирла 1П-1 тобының студенті «Веселье легкая вода» өлеңі.
- Әдімхан Орынбасар В-43 тобының студенті «Өлсем,орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңі.
Абайдың сөзіне жазылған «Желсіз түнде жарық ай» әнімен А-31 тобының студенті Рагимов Борис өз дауысымен таң қалдырды.
Қорытындылай келе комиссия сарапшысы Голова Светлана Петровна жақсы іс-шара үшін алғысын білдіріп, дарынды балалардың жақсы дикциясын атап өтті.
Ақпаратты дайындаған
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жумагулова А.А.