КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
Колледжде білім алушыларды әлеуметтік қорғау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіледі. Студенттер күн сайын жүгінген кезде әлеуметтік қызметтерді құқықтық, психологиялық және басқа да мәселелер бойынша консультациялар түрінде алады.
Тегін тамақтандыру «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары негізінде келесі растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұсынылады:
Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) мемлекеттік корпорацияға:
1) белгіленген нысандағы өтініш;;
2) туу туралы куәлік – көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін-қорғаншылықты ( қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтама;
4) мүгедектер мен бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға мүгедектік туралы анықтама немесе даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық – медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы;
5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама;
6) табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата – аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алименттер түріндегі табыстар) – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
Өндірістік практикадан өту кезінде осы студенттердің жеке шоттарына көрсетілген кезең үшін тамақтануды өтейтін қаражат аударылады.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ауыл шаруашылығы мамандықтары бөлімшесінде білім алатын (08210100 Орман шаруашылығы, 08410100 Ветеринария, 08110100 Агрономия) 10474 теңге мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы төленеді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жұмысшы мамандықтар бөлімінде оқитын 10894 теңге мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы төленеді (10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру, 07150500 Дәнекерлеу ісі, 07210200 Сүт және сүт өнімдерін өндіру, 1401000 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»).
“Үздікке” оқитындар -24090 теңге, ауыл шаруашылығы мамандықтары бөлімінде білім алушылар (08210100 Орман шаруашылығы, 08410100 Ветеринария, 08110100 Агрономия).
Жұмысшы мамандықтар бөлімінде “Үздікке” оқитындар -25055 теңге, білім алушылар (10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру, 07150500 Дәнекерлеу ісі, 07210200 Сүт және сүт өнімдерін өндіру, 1401000 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»).
Ауыл шаруашылығы мамандықтары бөлімінде «Жақсы» оқитын білім алушылар 20948 теңге көлемінде шәкіртақы алады (08210100 Орман шаруашылығы, 08410100 Ветеринария, 08110100 Агрономия).
Жұмысшы мамандықтар бөлімінде «Жақсы» оқитын білім алушылар 21787 теңге көлемінде шәкіртақы алады (10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру, 07150500 Дәнекерлеу ісі, 07210200 Сүт және сүт өнімдерін өндіру, 1401000 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»).
Жетім балалар қамқорлығында – 27232 теңге, жетім балалар қатарындағы білім алушыларға оқу кезеңінде қажетті заттарды сатып алу үшін төлем мөлшері 82755 теңгені құрайды (08210100 Орман шаруашылығы, 08410100 Ветеринария, 08110100 Агрономия).
Жетім балалар қамқорлығында – 28323 теңге, жетім балалар қатарындағы білім алушыларға оқу кезеңінде қажетті заттарды сатып алу үшін төлем мөлшері 82755 теңгені құрайды (10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру, 07150500 Дәнекерлеу ісі, 07210200 Сүт және сүт өнімдерін өндіру, 1401000 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»).
Жетім мен АҚҚБ түлектерді жұмысқа жіберу және жұмысқа орналастыру кезінде киімге, аяқ киімге, жұмсақ мүкәммалға, жабдыққа 1688875 теңге сомасында ақшалай қаражат төленеді, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға біржолғы ақшалай жәрдемақы 4 АЕК (3063х4) мөлшерінде төленеді және 12252 теңгені құрайды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлері мен интернаттардың түлектеріне құжаттандыруға көмек көрсетіледі.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын жақсы оқитын студенттерге 20948 теңге, ауыл шаруашылығы мамандықтары бөлімінде оқитын үздік студенттерге 24091 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді (08210100 Орман шаруашылығы, 08410100 Ветеринария, 08110100 Агрономия).
Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын жақсы оқитын студенттерге 21787 теңге, жұмысшы мамандықтар бөлімінде оқитын үздік студенттерге 25055 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді (10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру, 07150500 Дәнекерлеу ісі, 07210200 Сүт және сүт өнімдерін өндіру, 1401000 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»).
Қысқы және жазғы каникул кезінде жол жүру ақысы 2 АЕК (3063х2) мөлшерінде төленеді, бұл 6126 теңгені құрайды.