• Қайырлы күн Сіздің оқу орныңыз ТжКБ бағдарламасы бойынша қандай мамандықтарды ұсынады? Және бағдарламаға қалай қатысушы болу керек, қандай іс-әрекеттер жасау керек? Алдын ала жауабыңызға рахмет!!!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша 9-11 сынып базасында мамандықтар бойынша мамандарды оқыту және даярлауды жүргізеді:

0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру (аспаз)

1114000Дәнекерлеу ісі (электр газбен дәнекерлеуші)

1502000 Агрономия (агроном)

1513000 Ветеринария (фельдшер)

1114000Дәнекерлеу ісі (техник-механик)

1508000 Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық  құрылыс (техник-технолог)

0518000 “Есеп және аудит” (экономист-бухгалтер)

 

  • Мемлекеттік тілде қандай мамандықтар бар?

Қайырлы күн! Біздің колледжде Сіз 9 және 11 сынып базасында «Ветеринария»мамандығы бойынша мемлекеттік тілде білім ала аласыз.

 

  • Как можно поступить на бюджет?

Қайырлы күн. Мемлекеттік тапсырыс аясында оқыту тегін. Конкурсқа қатысу және бюджеттік оқуға түсу үшін түсу емтихандарында ең көп балл жинауы қажет.

 

  • Жұмыс туралы түйіндемені  Кіммен немесе қандай мекен-жайға жіберуге болады???

Сәлеметсіз бе, нөміріне қоңырау шалыңыз 87145521566

 

  • 9 сыныптан кейін түсу үшін қандай өту балы

9 сынып негізінде колледжге түсу үшін өту балы-20 балл

 

  • ағымдағы жылдың қай күні құжаттарды қашан тапсыруға болады ? рахмет

Күндізгі бөлімге құжаттарды қабылдау 20 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай бөлімге 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

 

  • Сәлеметсізбе менің сұрағым келеді егерде аспаз оқу үшін қанша төлеу керек???

Қайырлы күн! «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша сіз тегін оқисыз

 

  • Сәлеметсіз бе, бізге өту ұпайы  20 деп айтқан, бірақ   қабылданғандардың тізімінде менің балам жоқ, яғни ол оқуға түспеген болып тұр ғой?

Қайырлы күн! 20 балл – бұл колледжге түсу үшін өту балы. Егер бюджетке түскендердің тізімінде сіз болмасаңыз, онда сіз бізге коммерциялық негізде түсуіңізге болады. Ол үшін сізге талапкермен бірге колледжге жеке басын куәландыратын құжаттармен келіп, оқуға келісім-шарт жасасуыңыз қажет.

 

  • Сіздің колледжге тағы да қабылдау жүргізіле ме?

Виктория, Қайырлы күн! Сырттай оқу бөліміне құжаттарды қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Құжаттар тізбесімен сайтта танысуға болады

 

  • Мен колледжде әлеуметтік білім беру бойынша оқып жүрген. Сізге ауыса аламын ба?

Андрей, Қайырлы күн! Ауысу академиялық анықтаманы беру кезінде демалыс уақытында жүзеге асырылады. Толық ақпаратты 87145521566 телефоны арқылы немесе колледж сайтында ауысу және қалпына келтіру ережесімен танысуға болады.

 

  • біз балалармен сіздің колледжге түскіміз келеді. Қазір 10 сыныпқа ауысты. 10 сыныптан кейін түсуге болады ма? Және 10-сыныптағы оқу колледже есептелеме?

Сәлеметсіз Бе, Егор! Колледжге сіз 10-сыныпты бітіргеннен кейін, бірақ негізгі білім туралы аттестат негізінде ( 9-сынып) оқуға түсе аласыз. Мектепте оқытудың 10 сыныбы колледжде оқу мерзіміне есептелмейді

 

  • Мен қазақ мектебін аяқтадым. Сіздерде қазақ тілінде оқу жүргізіледі ме?

Қайырлы күн! Иә,мемлекеттік тілде оқыту жүргізіледі

 

  • Сәлеметсіз бе. 11 сыныптан кейін түсу үшін қандай өту балы?

Анна, Қайырлыкүн! 11 сынып негізінде өту балы 75 балдың 30-на тең