Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» жалпы республикалық ашық сабақтар аясында «Қостанай ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК кездесу және зияткерлік ойын ұйымдастырылды, сынып сағаттары өткізілді.
Колледж студенттері Н. А. Утеулинмен – Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, партияның Қостанай аудандық филиалының Бюро мүшесі, партияның Қостанай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Ш. Төлебаевпен кездесті.
Нұркелген Әбдірашұлы студенттерге Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен, Елбасының қалай кездескені туралы айтып берді. Іс-шара барысында студенттер Нұркелген Әбдірашұлы мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бейне сұхбатын тамашалады.
Қостанай облысы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ басшысы А. М. Дикетаев 1 курс студенттері арасында интеллектуалды ойын өткізді, Н. Ә. Назарбаевтың қызметі туралы тапсырмалар, Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігі ұсынылды.
Барлық топтарда « Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді.
Ақпаратты дайындаған
директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Жабакова А. А.