9 желтоқсанда колледжде «Адалдық аланы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлжанова Анжеламен және «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облыстық филиалының төрағасымен кездесу өтті.

Болашақ мамандар қонақтармен қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлық әрекеттері қоғамның дамуына және жалпы мемлекеттің болашағына қалай әсер ететіні туралы талқылады.

«Саналы ұрпақ» клубының белсенділері қонақтарға колледжде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді.

 

Ақпаратты дайындаған

директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Жабакова А. А.