Қоғамдағы діннің рөлінің артуын сезіне отырып, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың астанасы – Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу бастамасын ұсынды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезі 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астана қаласында өтті, оның жұмысына ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің аса беделді өкілдері қатысты. Форум қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, онда рухани көшбасшылар адамзат үшін бейбітшілік пен прогресті қамтамасыз ету және болашақта үйлесімді әлемнің негізі ретінде қоғамдардағы тұрақтылықты сақтау жөніндегі бірлескен іс-қимылдар туралы мәлімдеген болатын. Содан бері осындай 6 съезд өтті. Әр съезд сайын Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Америка елдерінен келген делегациялар саны артып келеді. Съезде қабылданатын декларациялар бейбітшілікке, келісімге және ынтымақтастыққа шақырады.

Қостанай ауылшаруашылық колледжінде Рухани келісім күнін жыл сайын түрлі форматтарда атап өтеді: дөңгелек үстелдер, әңгімелесулер, ғибадатханалар өкілдерімен кездесулер, диспуттар, ауызша журналдар. Осы жылы колледж студенттері мұражайға саяхатқа барды. Кітапхана меңгерушісі Құрманғалиева Күлбаршин Өмірзаққызы мерекенің пайда болу тарихы, әлемдік дін лидерлерінің съездері туралы және ғибадатханаға және мешітке саяхат таза ақпараттық сипатқа ие екенін айтып өтті. Студенттер осы тақырып бойынша буклеттер алды. Студенттер Затобол кентіндегі Мандай батыр мешіті мен «Казан Құдай ана шіркеуі»  ғибадатханасына барды. Мешітте  Найб-имам Өтепқалиев Медет Қылышбайұлы мешіт залдары бойынша саяхат өткізіп: әйелдер және ерлер мінажатын, асхана, Құран оқуға арналған бөлме, жуынатын бөлмені көрсетті.  Мұсылмандардың салт-дәстүрлері, ырымдары мен салттары туралы айтып, балалар вахабистердің, экстремистердің ағымдары туралы және олардың әсеріне қалай түсіп қалмауды білді. Кездесу соңында найб-имам балаларға батасын берді.

Затобол кентіндегі ғибадатхана саяхатты Қазан Құдай Ана шіркеуінің попы Крутин Андрей Анатольевич өткізді. Балалар притвор, иконостас, крест бөлмесі, восресстік мектеп пен мұражайды аралады. Мұражайда шіркеулердің, шіркеу қызметкерлерінің фотосуреттері, стендтердің бірі қуғын-сүргінге ұшырағандарға арналған, арестанттардан сұрақ-жауап алуға жүргізілген үстел мен орындықтар орналастырылған. Мұражайда сондай-ақ құжаттардың түпнұсқалары, фотосуреттер, жеке заттары және т. б. көрмеге қойылған. Соңында Күлбаршин Өмірзаққызы экскурсия жүргізгені үшін алғыс айтып, балаларға алғысын білдіріп, оларды шыдамдылыққа, төзімділікке, басқа халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, барлығымен бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге шақырды.

Ақпаратты дайындаған

Кітапхана меңгерушісі  К.Ө.Құрманғалиева