12 қазанда Затобол мектеп-гимназиясында 9-11 сыныптың оқушыларымен кездесу өтті.   Қостанай ауылшаруашылық колледжінің үгіт бригадасы «Бүгін болашағынды таңда» атты  ұранымен психологтар қауымдастығымен бірлесіп кәсіби сынама әдісімен ашық есіктер күнін өткізді.

«Металл фантазия» үйірмесінде біздің студенттер орындаған металдан жасалған жұмыстар ұсынылды: мысық, гүлдері бар ваза, гүлдер, шам, ит. «Ғимараттар мен құрылысты салу және пайдалану» мамандығы бойынша шеберлер мен студенттер сәндік сылақ бойынша мастер-класс көрсетті. «Сүт өнімдерін өндіру» мамандығы бойынша сүт жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері «Барлығы ұннан» атты көрмесін ұсынып, «Қамырдан жасалған бұйымдар» атты мастер – класс өткізді. «Ветеринария», «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы», «Агрономия» мамандықтары бойынша оқушыларға жоғары дәрежелі жабдықтармен жұмыс жасаудың негізгі принциптерін көрсетті.

 

 

Ақпаратты дайындаған

директордың ТЖ жөніндегі орынбасары А. А.Жабакова