4.10.2019 ж. колледжде мұғалімдер күніне арналған «Мұғалімдерді, біз, даңқтаймыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты оқу-тәрбие үрдісінің барлық қатысушыларын мұғалім мамандығына, педагог еңбегіне, педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, студенттер мен педагогтар арасында ізгі қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады. Колледждің жастар ісі жөніндегі комитеті мерекелік бағдарлама дайындады.
Іс-шара барысында оқытушыларға еңбектері үшін шынайы алғыс сөздер айтылды, оларға бақыт пен денсаулық тіледі.
Мереке құрметіне колледж педагогтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының грамоталарымен, колледждің грамоталарымен марапатталды.
Ақпаратты дайындаған
директордың ТЖ жөніндегі орынбасары А. А.Жабакова
Информацию подготовила
заместитель директора по ВР Жабакова А.А.