24.05.2019 жылы Қостанай ауылшаруашылық колледжінің акт залында бірінші курс студенттері В-11, В-12 тобы Қостанай ОАА ЗЖО бойынша медбикесі Шайданова Г. Т. «Алкоголизмнің алдын алу» атты дәріс өткізілді.
Мақсаты: алкогольдің адам ағзасына зиянды әсері туралы студенттердің ақпараттылығын арттыру.
Студенттер алкогольдің адам ағзасына зиянды әсері туралы дәріс тыңдады. Алкогольді қолданудың салдары, әсіресе оның өсіп келе жатқан ағзаға әсері.
Маскүнемдік -бұл спирттік ішімдіктерді ішуге деген құштарлықпен және жалпы ағзаның созылмалы алкогольден улануымен сипатталатын патологиялық жағдай. . Маскүнемдік -нашақорлықтың бір түрі болып табылады. Маскүнемдік нақты жағдай мен шындықты санамағанда ішімдікті табуға барлық энергиясын, қаражатын және ойын жібереді. Ішімдік жасөспірімдерге ересек адамдардай әсер етпейді , өйткені, жас ми жүйке жасушалары арасындағы нақты байланыстарды орнату сатысында және алкогольдің әсерінен бұл жасушалар бұзылады.
Сондай-ақ, сыра мен әйелдік маскүнімдік мәселелері қозғалды.
Студенттер дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойып, қызықты жауаптар алды.
Дәріс студенттер үшін де , жетекші үшін де үлкен ынтамен өтті.
Қорытынды: ішімдік жасөспірімдер кезеңі үшін өте қауіпті, өйткені ол жас ағзаны күйретіп, ақыл-ой қабілетін, ақыл-есін бұзады, адамды ойланбаған құқық бұзушылықтарға агрессивті етеді.