2019 жылы 16 мамырда Жастар жылы аясында Қостанай ауылшаруашылығы колледжінің студенттері мен оқытушылары эко челенджге қосылды. Бұл акция тек тазалау ғана емес, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасты өзгерту. Жүздеген білім алушылар Тобыл өзеннің жағасына шығып, қоқыс жинап, демалысқа арналаған орынды тазалап, осылайша туған өлкенің экологиясын қамтамасыз етті.
Колледждің жастары қоқысқа арналған қаптармен және басқа да құрал-саймандармен қаруланып Тобыл өзеннің жағасына шықты. Олар қоқысты, бөтелкелерді, пластиктарды жинады. Бұл қала тұрғындары мен келген қонақтардың демалуына және балық аулауына арналған сүйікті орындардың бірі.
Жастар тазалық пен тәртіпке шақырып қана қоймай, сондай-ақ оны жүргізуге да дайын. Бұл акцияның қорытындысы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы аясында жастар форумында жасалады.