1 мамырда сағат 10.00 –да Затобол кентінде «Алтын дән» аудандық мәдениет үйінің орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күні салтанатты түрде аталып өтті. Шара аясында концерттік бағдарлама, ұлттық тағамдар көрмесі, сауда-саттық, , спорттық іс-шаралар және этномәдени бірлестіктер, қоғам, еңбек ұжымдары, спортшылар мен жастардың қатысуымен «Бейбітшіліқ қанатында» атты шеруі өтті.
Мәдениет үйінің алаңында ҚР аумағында тұратын ұлттардың өзіндік мәдениетін көрсететін этноқалашықта -тұрғын үй, әрбір халықтың үй жабдықтары, ұлттық тағамдар, сәндік-қолданбалы шығармашылық және көріністер орналасқан. Біздің колледж Арменияның ұлтын көрсетті.