Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – бұл тәуелсіз Қазақстанымыздың қолжетімділігі мен құндылығын насихаттау және ұлттардың бірлік мерекесі.
Осыған орай, 4 маусымда Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенттері, Нұр Отан партиясының Жас Отан жастар қанатының мүшелері, Қостанай ауданы бойынша тілдерді оқыту орталығымен бірлесе «Рәміздерім-мақтанышым» атты акция өткізді.
Қостанай ауылшаруашылық колледжінің оқытушысы Балабаев Булат Қабланұлы құттықтау сөзін айтып, жастардың болашығы зор, еліміздің болашағы жастар деп, осы іс-шараны салтанатты түрде ашты.
Акцияның негізгі мақсаты, жастардың рәміздерге деген мақтанышын ояту, патриоттық сезімдерін күшейту.
Акцияға қатысушыларға В-13 тобының студенттері тамаша ән сыйлап:
Көк байрақта кеңдігім
Елтаңбамда елдігім!
Әнұранда өр рухым,
Тарихымда ерлігім!
Көк байрақта кеңдігім
Елтаңбамда елдігім!
Әнұранда өр рухым,
Бақыттымын мен бүгін,- деп, өз мақтаныштарын білдірді.
Жас қанат партиясының өкілдері акциялың соңында «Бір шаңырақ астында» атты флеш-моб өткізіп, Қазақстан еліміз – тәуелсіз, тату, егеменді, бай және т.б. деп, ортаға жар салды.
Қостанай ауданы бойынша Нұр Отан партиясының
Жас Отан жастар қанатының төрайымы Жабакова А.А.