«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, орыс тілі мен әдебиет пәнінің оқытушылары Б.С.Төрешова және Т.К.Хасенованың жетекшілігімен әдеби кеш өткізілді. Осы әдеби кештің мақсаты ақынның өлеңдері арқылы, білім алушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Әдеби кештің барысы үш кезеңнен құралды: 1 кезең- «Ғасырда бір туатын Мұқағали» ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, 2 кезең «Ақынға арнау» ақынға арналып жазылған жыр шумақтары, 3 кезең «Мұқағали жайлы не білеміз» атты сұрақ-жауаптар сайысы. 1 кезеңінің барысында ақынның өлеңдерін жатқа айту сайысында студенттер жаттаған өлеңдерін орындап берді. Мәнерлеп оқу барысында мына студенттер әдемі дауыс ырғақтарымен, айту мәнерлерімен В-23, В-23, М-21 тобының студенттері Әділхан Орынбасар, Мирашұлы Нұрболат және Омарова Арайлым ерекше көз түсті. Ақынға аранау кезеңінде В-32 тобының студенті Әбілғазы Ерасылдың орындауында жыр шумақтарын көпшіліктің көңілінен шықты. Әдеби кештің соңында жеңімпаздар мен қатысушылар мақтау қағаздарымен және естелік кітаптарымен марапатталды.