«Саналы ұрпақ – Жарқын болашақ 2018-2020» Жобасының Жарғысы негізінде Қостанай ауылшаруашылық колледжінде «Саналы ұрпақ» клубы құрылды, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған.
Клубтың мақсаттары:

– студенттердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік

-құқықтық білімді зерделеу және тарату;

– колледждің азаматтық ұстанымын арттыру.

Клубтың міндеттері:

– студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

– сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті күшейту жөніндегі бастамаларды көтермелеу.

«Саналы ұқрақ» ерікті клубы – студенттердің құқықтық білімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін насихаттау мақсатында құрылған студенттердің ерікті бірлестігі. Клуб Қостанай ауылшаруашылық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитет жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

«Саналы ұқрпак» ерікті клубы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының басшылығымен колледж басшысы бекіткен ереже негізінде жұмыс жасайтын студенттер мен ересектер бірлестігі.

Клуб қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы ереже негізінде жүзеге асырылады.

Клуб өз жұмысын реттейтін ішкі құжаттарды дербес әзірлейді және қабылдайды.