Құқықтық білім беру бастамасы аясында бірінші курс студенттері үшін «Заңды білу – өзіңді қорғай алу деген сөз» тақырыбында зияткерлік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер өзекті құқықтық мәселелерді талқылауға белсене қатысып, зияткерлік викториналар мен сұрақ-жауап сайыстарына атсалысты. Олар тақырыптық тапсырмаларды орындап, сауалнамалар толтырды, өмірден алынған түрлі жағдаяттарды талдады және өз көзқарастарымен бөлісті.
Іс-шара интерактивті диалог түрінде өтті. Бұл студенттерге құқықтық білімдерін сынап қана қоймай, күнделікті өмірде құқықтық сауаттылықтың қаншалықты маңызды екені туралы ойлануға мүмкіндік берді.
Мұндай кездесулер жастарға өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуге, саналы шешім қабылдауға үйренуге, сондай-ақ заңды білудің өзін және айналасындағы адамдарды қорғау үшін аса қажетті құрал екенін ұғынуға көмектеседі.

РУС