«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері табиғи ресурстарды сақтауға, экологиялық мәдениетті дамытуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған «Тұқым тастама — табиғатқа мүмкіндік бер» экологиялық акциясына қатысты.
Акция барысында білім алушылар долана (боярышник), мойыл (черёмуха) және шетен (рябина) сияқты жеміс-жидек пен ағаш-бұта түрлерінің тұқымдарын жинап, сұрыптау жұмыстарын жүргізді. Жиналған отырғы материалы мұқият сұрыпталып, келешекте отырғызу мақсатында сақтауға дайындалды.
Бұл экологиялық бастаманың маңызы зор. Ол жастардың бойында табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыруға, экологиялық ойлауды дамытуға және әрбір адамның қоршаған ортаны қорғаудағы жеке үлесінің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндай шараларға қатысу студенттерге табиғи материалмен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын бекітуге және жасыл желектерді қалпына келтіру мен молайтудың маңыздылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

РУС