Психикалық денсаулық — бақытты өмірдің маңызды бөлігі!
Студенттер арасында психикалық денсаулықты нығайтуға, эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға және күйзеліске төзімділікті арттыруға бағытталған бірқатар тренингтер өткізілді.
✨ Тренингтер барысында қатысушылар өз эмоцияларын түсінуге, сезімдерін дұрыс басқаруға, күйзелісті жағдайларды еңсеру жолдарын табуға және қиын сәттерде бір-біріне қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар орындады.
🤝 Ерекше назар өзін-өзі тануға, позитивті ойлауды қалыптастыруға, өзара сенім мен ашық қарым-қатынасты дамытуға аударылды.
Осындай тренингтер студенттердің өзіне деген сенімділігін арттыруға, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға және эмоционалдық саулығын сақтауға ықпал етеді.
💚 Өзіңді түсін, сезімдеріңді бағала, психикалық денсаулығыңа қамқор бол!

РУС