8 қазанда тренажер залында «Ұлттық ойындар – ұлт қазынасы» фестивалі бағдарламасы аясында ҚСХК (Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі) студенттері арасында үстел теннисінен турнир өткізілді.

Жарыс қатысушылары айналмалы жүйе (круговая система) бойынша өзара бақ сынасты. Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленгендер:

  • 1-орын – Старков Дмитрий (1А-8 тобы);
  • 2-орын – Одиноков Артем (1Л-8 тобы);
  • 3-орын – Нұрмұхамед Бақдаулет (1В-14 тобы).

Барлық жеңімпаздар арнайы грамоталармен марапатталды.