Қазан айының алғашқы күні колледжімізде ерекше ізгілік пен құрметке толы шара болып өтті. Біздің білім ордамызда Қарттар күніне – Даналық күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.
Ардагер ұстаздарымыз бен аға буын өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, оларға шексіз алғысымызды білдірдік. 🎓✨
Студенттеріміз ардагерлерге арнап концерттік бағдарлама дайындап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, білім ордасының іргетасын қалаған ұлағатты ұстаздардың жүздеріндегі қуаныш пен алғыс — біз үшін ең үлкен марапат.
👴👵 Құрметті ардагерлер мен ұстаздар! Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз, ал берген білімдеріңіз бен тәлім-тәрбиелеріңіз әрқашан бағалы. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат және ұзақ ғұмыр тілейміз!

РУС