Жаңа технологиялар — жаңа дағдылар!

«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында «Агрономия» мамандығының бірінші курс студенттері ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін әлемдік жетекші компаниялардың (John Deere, JCB, DeWulf, Väderstad және т.б.) ресми дилері — «Eurasia Group» сервистік орталығында болды.

Студенттер ауыл шаруашылығындағы заманауи технологиялармен танысып, өздерін практикада сынап көрді: дәл тұқым себу кешені секциясының макетімен жұмыс істеп, заманауи DeWulf картоп жинау техникасының құрылысымен танысты.

Eurasia Group алаңы WorldSkills кәсіби шеберлік өңірлік чемпионатын өткізу үшін пайдаланылады. Компания жас мамандарды және АӨК-тегі (агроөнеркәсіптік кешендегі) цифрлық құзыреттердің дамуын, соның ішінде «Агролидер» байқауы арқылы белсенді түрде қолдап келеді.

Біз үйретеміз — өндіріс талап етеді!

Дәл осындай кездесулерде студенттер қазіргі заманғы агроөнеркәсіптік кешенге шынымен қандай технологиялар мен дағдылар қажет екенін анық көре алады. 🌱🚜