Бүгін Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері мен педагогтері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысып, Қостанай ауданы аумағында орналасқан экопаркте абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

🌱 Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов та қатысып, жастармен бірге экологиялық бастаманың маңыздылығын атап өтті.

🧹 Колледж студенттері экопарк аумағын тазалап, қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтірді. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып, жаңа ағаш көшеттерін отырғызды.

Бұл — жай ғана сенбілік емес. Бұл — табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыратын, туған жерге деген құрметті арттыратын және жастарды қоғамдық пайдалы іске біріктіретін маңызды бастама.

💚 Таза орта — әрқайсымыздан басталады!

🌳 Бүгін отырғызылған әрбір ағаш — ертеңгі ұрпаққа қалатын жасыл мұра.