Колледждің барлық оқу топтарында Қостанай ауданы полициясының подполковнигі А.С. Айшуақова студенттермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды тақырыптар қозғалды:

🔹 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі;

🔹 Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу;

🔹 Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу;

🔹 Жыныстық қол сұғылмаушылық және жеке шекараны қорғау.

Әңгімелесу барысында студенттерге заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу, сондай-ақ қиын жағдайларда көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

Заңға құрмет – өзіңе және айналаңа деген құрмет!

 

#ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықтықСауаттылық #Профилактика #БуллингкеЖолЖоқ #Қауіпсіздік