Бүгінгі таңда жастардың бойында адамгершілік, адалдық, патриотизм және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта колледжімізде студенттермен «Саналы ұрпақ» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың санасына парасаттылық пен әділдік қағидаттарын сіңіру, оларды адал еңбекке, жауапкершілікке және азаматтық санаға тәрбиелеу.
Кездесу барысында қатысушылар академиялық адалдық, жаңа формациядағы жас маман болудың қыр-сыры және жастардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы ой қозғады. Студенттер өз ойларын ортаға салып, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Мұндай шаралар жастардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, оларды ел болашағы үшін жауапкершілікті сезінуге баулиды.
Саналы ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

РУС