Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қостанай ауданы полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының қызметкерлері Тобыл қаласындағы Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында үш маңызды тақырып талқыланды:

🔷 «Үй қауіпсіз орын болуы тиіс»

Отбасы — ең алдымен қауіпсіздік, құрмет пен қолдау ортасы. Қорлау, қорқыту, кемсіту, бақылау және күш қолдану отбасылық қарым-қатынастың бір бөлігіне айналмауы тиіс. Студенттерге зорлық-зомбылық фактілерін жасырмай, дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

🔷 «Сталкинг: егер сіз “жоқ” десеңіз — бұл “жоқ” дегенді білдіреді»

Қайта-қайта қоңырау шалу және хабарлама жіберу, аңду, үйдің немесе оқу орнының жанында күту, адамның нақты бас тартуына қарамастан байланыс орнатуға тырысу — махаббаттың немесе қамқорлықтың белгісі емес. Әр адамның жеке шекарасын құрметтеу қажет. «Жоқ» — нақты жауап және ол қосымша түсіндіруді қажет етпейді.

🔷 «Неке — тек өзара келісім бойынша»

Отбын құру — екі адамның саналы әрі ерікті шешімі болуы тиіс. Ешкімді некеге тұруға қысым жасауға, қорқытуға немесе мәжбүрлеуге мəжбүрлеуге қақысы жоқ. Ерте немесе мәжбүрлі некелердің алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында студенттер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мамандардан толық жауап алды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, өзара сыйластық пен қауіпсіз орта құруға өз үлесін қосады.