2026 жылдың 10 қыркүйегінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, сондай-ақ студенттерді әскери қызметке дайындау мақсатында Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінде Кеңес Одағының Батыры және «Халық Қаһарманы» Бауыржан Момышұлына арналған «Ерлік сабағы» ұйымдастырылып, өткізілді.

Бұл іс-шараға Ауғанстан Республикасындағы ұрыс қимылдарының ардагері Максим Николаевич Кунгускин қонақ ретінде шақырылды.

Ардагер өз естеліктерімен бөлісіп, әскери қызмет, жауынгерлік достық, өзара көмек және жаныңдағы адамдар үшін жауапкершілік туралы әңгімеледі. Кездесу барысында студенттер қиын жағдайда сабырлық пен абыройды сақтаудың, жолдастарына қолдау көрсетудің және бейбіт өмірді бағалаудың қаншалықты маңызды екенін білді.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Әңгіме ашық әрі мазмұнды өтті. Ардагер нағыз ерлік тек батылдықта ғана емес, сонымен қатар жауапкершілікте, адамгершілікте, көмекке келуге дайын болуда және өз борышына адал болуда жатқанын атап өтті.

Сабаққа 1-курс студенттері қатысты, жалпы қамтылғандар саны — 60 адам