17 наурыз күні кітапханамызда «Наурыз – даналық пен бірлік мерекесі» атты кітап квесті өтті. Іс-шараға Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенттері қатысты.

Мерекелік шараның басты мақсаты — жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және Наурыз мейрамының рухани мәнін ашу болды.

Студенттер ек топқа бөлініп, түрлі танымдық бекеттерден өтті. «Мақалды аяқта» бекеті арқылы  мақалдың жалғасын тауып, тіл байлықтарын көрсетті. «Кітап іздеу» бекетінде кітап сөрелерінен жасырылған шығармаларды тауып, ақын-жазушыларымыздың Наурыз туралы жырларын мәнерлеп оқыды. «Ұлттық код» бекетінде студенттер суреттер арқылы қазақтың ұлттық аспаптарын, киімдері мен бұйымдарын сәйкестендіріп, олардың тарихымен танысып, студенттер барлық тапсырмаларды сәтті орындады.

Квест соңында «Бауырсақ шоу» бөлімі болды. Қатысушыларға қазақтың қонақжайлылық нышаны ретінде ыстық бауырсақтар ұсынылды. Осылайша, кітапханада өткен квест жастардың бойында ұлттық мақтаныш сезімін оятып, достық пен бірлікті нығайта түсті.