Қостанай ауылшаруашылық колледжінің оқытушысы Куандықов Жаслан Баймурзинович кәсіптік бағдар беру мақсатында Спандияр Көбеев атындағы мектеп 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, білім алу мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласының маңызы, қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар және болашақта өз кәсібін дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы айтылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау жайында пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және кәсіби бағыт-бағдар алуына үлкен көмегін тигізеді.
✨ Кәсіби бағдар беру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

РУС




