Тіл пәндері апталығы аясында Қостанай ауылшаруашылық колледжінің қабырғасында жүрекке жылу сыйлайтын ерекше күн өтті. Бұл күн – жақсылық жасауға, бір-бірімізге қолдау көрсетуге және мейірімділікті насихаттауға арналған. Студенттер мен оқытушылар бірігіп, игі істерге атсалысып, қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, шығармашылық іс-шаралар өткізіп, соның ішінде ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тұмар жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жақсылық эстафетасы жалғасын тапты.

Біз үшін бұл тек шара емес – бұл жанашырлық, бірлік пен достықтың көрінісі. Әрбір жылы сөз, әрбір жасалған жақсылық әлемді нұрлы етеді.