15 наурыз – референдум күні «Алтын дән» мәдениет үйінің алаңында «Алғыс пен мейірім елі» атты қайырымдылық концерті өтті. Шара «Наурызнама» аясында ұйымдастырылып, игі мақсатқа арналды.
Аталған акцияға Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері де белсенді қатысып, қайырымдылық іске өз үлестерін қосты.
Жиналған қаражат ДЦП және көру қабілетінің атрофиясы диагнозымен ауыратын қала тұрғыны Әнел Жұмабаеваға қолдау көрсетуге бағытталды.
Осындай игі бастамаға қолдау білдірген барша жанға алғысымыз шексіз.

РУС




