Бүгін аудандық кітапхана қызметкерлері ауыл шаруашылығы колледжінің студент қыздарына арналған «Көктемгі саяхат» атты квест-ойынын өткізді 🌷

Шара барысында қатысушылар бірнеше қызықты станциялардан өтті: «Гүлдер алаңы», «Ұлы әйелдер», «Ұрпақ даналығы», «Жердің иесі», «Комплимент-батл», «Логика және интуиция». Әр бекетте олар білімдерін сынап, тапқырлықтарын көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін танытты. Қыздар белсенді қатысып, ұйымшылдық пен зеректік танытты.

Квест соңында барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, мерекелік шағын сыйлықтар табысталды. Көктемнің шуақты мерекесі қуанышқа, көтеріңкі көңіл күйге және әсем әсерге толы болды!

Барша аруларды көктем мерекесімен құттықтаймыз! 💐