Колледжімізде «Полигон куәгерлері» тақырыбында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор сынып сағаты ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — студенттерге Семей ядролық полигонының тарихы, оның адамзат пен қоршаған ортаға тигізген зардаптары туралы кеңінен ақпарат беру, тарихи сананы қалыптастыру және бейбітшіліктің құндылығын түсіндіру болды.
Сынып сағаты барысында білім алушылар полигон куәгерлерінің тағдырлары, сол кезеңдегі ауыр сынақтар мен халықтың төзімі жайлы деректермен танысты. Сонымен қатар бейнероликтер көрсетіліп, студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, адам өмірінің қадірі мен бейбіт өмірдің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.
Осындай тәрбиелік іс-шаралар жастардың ел тарихына деген құрметін арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

РУС




