Алғыс айту күні — Қазақстан халқы үшін ерекше тарихи маңызы бар мереке. Бұл күн еліміздегі татулықтың, бірліктің және өзара құрметтің символына айналды.
Дәл осы күні біз өткен тарихымызды еске аламыз. ХХ ғасырдың ауыр кезеңдерінде Қазақстан жеріне түрлі халықтар күштеп қоныс аударылды. Сол қиын уақыттарда қазақ халқы депортацияланған ұлттарды жатсынбай, бауырына басып, соңғы нанымен бөлісіп, қамқорлық көрсетті.
Сондықтан Алғыс айту күні — тек «рахмет» айтатын күн емес, бұл — мейірімділік, адамгершілік және халықтар достығының мерекесі.
Бүгінде бұл күн — ата-аналарға, ұстаздарға, достарға, әріптестерге алғыс білдіретін, жүректегі жылы сөздерді айтуға мүмкіндік беретін ерекше күн.
Алғыс айту — адамды жақындастыратын, қоғамды біріктіретін ең асыл қасиеттердің бірі.

РУС




