25 ақпан күні колледжімізде ата-аналарға арналған маңызды жиналыс ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі тақырыбы — балалар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті мінез-құлықтың алдын алу болды. Жиын барысында мамандар жас ұрпақтың қауіпсіздігі, психологиялық саулығы және құқықтық жауапкершілігіне қатысты өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.

Жиналысты колледж директоры Баймагамбетов Марат Серикович ашып, ата-аналардың тәрбиедегі рөлі, отбасы мен білім беру ұйымының бірлескен жұмысының маңызы туралы айтты.

Жастар денсаулық орталығы «Жастар MED» психологы Аканова Жазира Ахметкалиевна «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына көңіл бөлудің, сенімді қарым-қатынас орнатудың және уақытылы көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жабакова Алия Ахметжановна «Жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында сөз сөйлеп, ақпараттық қауіпсіздік, дұрыс құндылықтарды қалыптастыру және ата-ананың бақылауының маңызын түсіндірді.

Колледж психологы Полуносик Ирина Григорьевна «Қудалау, психологиялық қысым және некеге мәжбүрлеуге жол бермеу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіз орта қалыптастыру туралы айтты.

Медициналық қызметкер Ещанов Бахтияр Нурмагамбетович «Ерте жүктілік: салдары мен жауапкершілігі» тақырыбында баяндама жасап, жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен саналы шешім қабылдаудың маңыздылығына тоқталды.

Жиналыс ашық пікір алмасу форматында өтіп, ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алды.