12 ақпан күні колледжде аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналған Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шара әр академиялық топ бойынша жеке форматта ұйымдастырылып, ата-аналармен ашық әрі мазмұнды диалог алаңы құрылды.
Жиналыс барысында ата-аналарға жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері, қауіп-қатер белгілерін ерте анықтау жолдары, буллингтің түрлері мен салдары, сондай-ақ отбасындағы қолайлы эмоционалдық ахуалды қалыптастырудың маңызы туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, ата-аналарға балалармен сенімді қарым-қатынас орнату, қиын жағдайларда дұрыс қолдау көрсету және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту бойынша практикалық ұсынымдар ұсынылды.
Мұндай кездесулер ата-ана, педагог және білім алушы арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, жастар үшін қауіпсіз, қолдаушы және сенімді білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

РУС