Колледж студенттері «Балалар көзімен махаббат деген не?» атты акцияға қатысып, өздерінің шынайы ойларымен бөлісті. Олар махаббаттың — қамқорлық, сыйластық, қолдау, мейірім мен сенім екенін жүрекпен жеткізді.

Акция барысында қатысушылар өмірден мысалдар келтіріп, отбасыға, достыққа және айналадағы адамдарға деген жылы сезімдерін ашық айтты.

Осындай іс-шаралар жастарды ізгілікке, жанашырлыққа және адамгершілік құндылықтарға тәрбиелейді.