17 ақпан күні колледж студенттері Республикалық «Stop сталкинг» акциясына қатысты. Іс-шараға прокуратура өкілдері, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия мүшелері, полиция бөлімі қызметкерлері және қоғамдық белсенділер қатысты.

Кездесу барысында сталкингтің алдын алу, құқықтық жауапкершілік, жеке қауіпсіздік және өз құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.