«Еңбегі адал – жас өркен» жобасын іске асыру мақсатында, «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы аясында және ветеринариялық пәндер МЦК апталығы шеңберінде 2026 жылғы 5 ақпанда Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінде Тобыл қаласындағы № 2 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен кәсіби сынақтар өтті.
Іс-шара барысында оқушылар колледжге қабылдау ережелерімен танысып, колледж туралы, жүзеге асырылатын мамандықтар мен оқыту шарттары жөнінде жан-жақты ақпарат алды. Қатысушылар үшін оқу кабинеттері мен зертханаларға экскурсия ұйымдастырылып, даярлау бағыттары бойынша көрнекі практикалық көрсетілімдер өткізілді.
Кәсіби сынақтар оқушыларға жағымды әсер қалдырып, түрлі мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттырды және болашақ мамандықты, әрі қарайғы білім беру бағытын саналы түрде таңдауға мүмкіндік берді.

РУС