«Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Қостанай ауылшаруашылық колледжінде «Досыңа кітап сыйла» атты акция ұйымдастырылды.

Іс-шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Акция шарттары бойынша әрбір қатысушы өзі оқыған кітабын жақын досына сыйлап, келесі оқырманнан бір кітапты сыйлыққа алды.

Челлендж барысында білім алушылар бір-біріне кітап сыйлап, оларды оқуға қатысты өз ұсыныстары мен әсерлерімен бөлісті.

Акцияға қатысу білім алушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, оқуға деген қызығушылықты арттыруға және «Оқитын колледж» бастамасын қолдауға ықпал етті.