06.02.2026 жылы Заречное ауылында «Sport Life» ФОК базасында Қостанай облысының әскери-патриоттық клубтары мен «Жас Сарбаз» мамандандырылған сыныптарының курсанттары арасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына арналған облыстық армиялық турнирі өтті.

«Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-нің «Абырой» спорт клубының командасы, жетекшісі Курманғазы Шәкенұлының басшылығымен және 3С-5 тобының студенті Ержанов Бахтиярдың қатысуымен, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша 1️⃣ жалпыкомандалық орынды иеленді.

Спортшыларымызды лайықты өнер көрсетіп, заслуженная жеңіспен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🥇💪