3 ақпан 2026 жылы оқытушы А.Ж. Балтабекова 2-В-12 тобында ПМ-2 «Жануарлардың тұқымдарын, типтерін және желілерін шығару, жетілдіру және сақтау» модулі бойынша ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы: «Ауыл шаруашылығы жануарларын іріктеу». Сабақ белсенді әрі танымдық форматта өтті. Ситуациялық тапсырмалар өтілген материалды бекітуге, студенттердің ойлау қабілетін, зейінін және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етті.