Бүгін Қостанай ауылшаруашылық колледжінде 1-курс студенттеріне арналған «Құрдастар арасындағы радикалданудың ерте белгілерін анықтау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Іс-шара ішкі саясат бөлімі өкілдері теолог Мурзаканов Азамат Серікұлы және ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрхан Берік Сағымбайұлымен бірлесіп өткізілді.
Кездесу барысында радикалды идеологиялардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, деструктивті ықпалдың ерте белгілері қарастырылды, сондай-ақ жастардың қауіпсіз әрі саналы қоғам қалыптастырудағы маңызы атап өтілді.

РУС




