2026 жылдың 26 қаңтарында ҚАШК тренажер залында колледж студенттерінің қатысуымен спорттық мереке өткізілді. Спортпен ұдайы айналысу тек денені ғана емес, сондай-ақ тәртіпті, ерік-жігерді, мақсат қоя білуді және оларға қол жеткізе білуді нығайтады. Бұл қасиеттер заңға бағынатын азамат үшін қажет. Дұрыс тамақтану өз кезегінде жұмыс қабілеттілігін арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді, бұл адамның еңбек және әлеуметтік белсенділігіне оң әсерін тигізеді.
Күн тәртібін сақтау және психикалық денсаулыққа қамқорлық жасау салауатты өмір салтының маңызды элементі болып табылады. Стрессті басқара білу, проблемаларды сындарлы шеше білу және айналасындағылармен құрметпен өзара іс-қимыл жасай білу қоғамда құқықтық мәдениет пен толеранттық қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді. Психикалық орнықты адам әлеуметтік талаптарға жеңіл бейімделеді және деструктивті әсерге сирек ұшырайды.
Мемлекет сондай-ақ салауатты және заңға бағынышты қоғамды қалыптастыруға мүдделі. Дәл осы бойынша заңнамалық деңгейде спортты насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша шаралар қабылдануда.
Алайда, әрбiр адамның жеке таңдауынсыз ешқандай заң тиiмдi болмайды.
Осылайша, салауатты өмір салты – бұл өз денеңе деген қамқорлық қана емес, азаматтық ұстанымның маңызды құрамдас бөлігі. Заңға бағынатын азамат өзінің денсаулығы бүкіл қоғамның әл-ауқатына әсер ететінін түсінеді. Салауатты өмір салтын таңдай отырып, адам әлеуметтік тұрақтылықты, құқықтық тәртіпті және болашақты нығайтуға өз үлесін қосады.