2026 жылғы 22 қаңтар күні Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберович Нарымбетов Қостанай ауыл шаруашылығы колледжіне жұмыс сапарымен келіп, жатақхана салу мәселесі бойынша инвестормен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жобаны іске асырудың перспективалары мен оны жүзеге асыру жолдары талқыланып, студенттерге қолайлы тұрмыс және оқу жағдайларын жасауға бағытталған мәселелер қаралды.
Сонымен қатар іссапар аясында Қостанай облысы әкімдігінің «Білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ардақ Құрмашевич Бегатаров білім беру инфрақұрылымын дамыту мен білім алушылар үшін қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сапар барысында колледж директоры Марат Серикович оқу орнының қызметі туралы ақпарат беріп, колледж аумағына экскурсия жүргізді. Оқу кабинеттері, зертханалар, инфрақұрылым және материалдық-техникалық база таныстырылып, колледждің алдағы даму жоспарлары ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Қостанай облысы әкімінің орынбасарының жұмыс сапарымен келуі

РУС



