2026 жылғы 21 қаңтарда «Алтын Дән» аудандық мәдениет үйінде Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің «Сезім» клубының еріктілері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мүмкіндік» облыстық жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі адамдар мен олардың өкілдерін прокуратура, құқық қорғау органдары және жергілікті атқарушы органдар басшылығы қабылдап, әлеуметтік қолдау, оқыту және қайта даярлау, сондай-ақ жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кеңес берілді.
Сонымен қатар жәрмеңке аясында аудан прокурорының, аудандық сот төрағасының, полиция бөлімі бастығының, мемлекеттік органдар басшыларының, заңгерлердің, адвокаттардың, сот орындаушыларының және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
Аталған іс-шара ашық диалог орнатуға, құқықтық көмек көрсетуге және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған тиімді алаңға айналды.