«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында өтетін «Заң мен тәртіп» айлығы шеңберінде 2026 жылғы 21 қаңтарда Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінде білім алушылармен профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуге Қостанай ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Нуркин М.Т. және Қостанай ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Агадилова А.А. қатысты.
Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар қозғалды:
«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі»,
«Интернет-алаяқтық», «Кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг пен кибербуллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Жыныстық қол сұғылмаушылық», «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Есірткі құралдарын қолданудың және таратудың алдын алу». Мұндай іс-шаралар заңға бағынатын әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.
Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі

РУС



