КГКП «Қостанай ауылшаруашылық колледжінде» өздігінен оқу аясында «2025 жылы мен оқыған ең қызықты кітап» атты бук-слэм өткізілді. Іс-шара барысында студенттер үй жағдайында көркем және танымдық әдебиеттер арасынан өздеріне ең қызықты болған шығармаларды атап өтіп, кітаптарды жеке қызығушылықтарына сай өздері таңдады. Аталған іс-шара оқуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға, оқырмандық мәдениетті дамытуға, ой-өрісті кеңейтуге, аналитикалық ойлау деңгейін арттыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға бағытталды. 📚