2026 жылдың 3 ақпанында таңертең оқытушылар студенттермен «Виртуалды ветеринар» («Диагноз қой») интеллектуалдық ойынын өткізді. Аталған ойын студенттердің болашақ мамандыққа деген қызығушылығы мен кәсіби бағдарлану деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Қатысушылар тапқырлық, бастамашылдық танытып, диагнозды жедел қою және шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.