Қостанай ауылшаруашылық колледжінде DosbolLike антибуллинг бағдарламасы аясында білім алушылар арасында буллингтің алдын алуға, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға, бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін дамытуға және конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Профилактикалық іс-шаралар барысында өз әрекеттері үшін жауапкершілікті арттыруға, жанжалдық жағдайларды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамытуға, оқу топтарында өзара түсіністік пен қолдауды нығайтуға, сондай-ақ студенттік ортада толеранттылық пен сенім мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.